Таңшолпан. Мұхит түбіндегі құпия құбылыстар.... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Мұхит түбіндегі құпия құбылыстар....

11.04.2019
Суасты әлеміндегі тылсым құбылыстар галактика ғажайыптарынан артық болмаса, кем емес. Тереңге бойлаған сайын, түрлі құбылысқа куә боласың. Үнді мұхитының ортасында сүт тәрізді теңіз бар. Ол аңызды арал тұрғындары 400 жылдан бері айтып келеді. Оған көз жеткізу үшін 2005 жылы Стивен Миллер бастаған зерттеушілер Үнді мұхитына келеді. Спутник арқылы зерттеген олар, көк мұхит ортасынан 250 километрге созылған ақ бөлікті байқайды. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде олар суға сүт тәріздес түс беріп тұрған бактериялар екенін анықтаған. Мұхиттың түбіне қарай өсетін қорқынышты мұздақтар туралы естіп пе едіңіз? Оның аты - брайникл. Ол жолында кездескен өсімдіктер мен тірі организмдерді қатырып тастап отырады. Сол үшін оны «ажал саусағы» деп атайды. Ондай мұздақтар мұхиттағы тұз мөлшерінің артуынан пайда болады екен. Сенесіз бе? Су астында да сарқырама бар. Егер әлемдегі ең ұзын сарқырама бәрімізге жақсы таныс Анхель десеңіз, қателесесіз. Ең алып сарқырама атлант мұхитында. Дәлірек айтсақ, Атлант мұхитының түбінде. Оның ұзындығы – 3500 метр. Сарқырама орналасқан бұғаздың температурасы екі түрлі. Шығыс бөлігі салқын, ал батысы жылы. Сол себептен салқын су төменге, жылы су жоғары қарай ағады. Тағы бір қызық. Сарқырамадан бөлек мұхит түбінде өзендер де бар. Әзірге олардың жетеуі ғана анықталған. Соның бірі - көпшілік білетін Қара теңізде. Киноларда жолындағының барлығын қиратып, дөңгеленіп бара жататын құйындарды жиі көреміз. Мұндай табиғат тамашасы су астында да бар. Мұндай иірімдер судың қатты ағымынан пайда болады. Әлемдегі ең қауіпті су иірімі – Норвегияда. Оның ең кішісі 4-5, ал үлкені 12 метрді құрайды. Бұл құбылыс күніне 4-5 рет қайталанып тұрады.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл