Сериалдағы оқиғалар Түркияның Мидят қаласында, екі отбасының айналасында өрбиді. Асланбей отбасынан шыққан жас Миран 27 жыл бойы кек алу ойымен өсті. Ал Рейян – Шадоглы отбасынан, махаббатқа сенетін ақкөңіл қыз. Бір күні олардың жолдары қиылысып, бір-біріне ғашық болады. Бірақ ол – кек алуға ант еткен жауының қызы...
Бақытқа жету жолында жастар талай сынақтар мен қиындықтарды бастан өткерумен қатар, отбасы арасындағы ұзақмерзімді араздықты тоқтатуға тура келеді.