Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай өткен жиында полиция қызметкерлерінің тәуекелі көп жұмысына тоқтала келіп, «бүгінгі таңда тек қылмыспен күресу аздық етеді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең бастысы полицияның адамдарға бейімделуі маңызды», деген болатын.
Басты кейіпкер арқылы полицияның қарапайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін күресетінін, тәртіп орнату жолында қиын сәттерді басынан кешіретінін көрсету телехикаяның басты мақсаты.