Телехикаяда Чосон династиясының атақты дәрігерінің өмірі баяндалады. Тау-тасты кезіп, дімкәс жанға шипа болар дәрілік шөп іздеуден жалықпаған Хо Жун халыққа тегін емдік көмек көрсетеді. Науқастарды аман алып қалу үшін арпалысқан дәрігер өз өмірінде де талай қиындықты бастан кешіреді.