Телехикая шахмат әлемінде жүрген 13 жастағы Айжанның күрделі өмір жолын баяндайды. Ол өзінің ата-анасы мен тәлімгері, гроссмейстер Жанна Темірқызының қолдауының арқасында шебер шахматшыға айналады.
«Шахмат» телехикаясының негізгі сюжеттік құрылымы Айжанның шахмат мектебіндегі және отбасындағы өмірімен қатар, басқа мектептен келген Шолпан атты қызбен арадағы келіспеушілікті қамтиды. Ең талантты ойыншылардың бірі болып саналатын Шолпан Айжанның турнирдегі басты бәсекелесіне айналады.
Жанры: мелодрама
Қоюшы-режиссер: Марина Құнарова
Қоюшы-оператор: Дастан Молдабеков
Композитор: Арман Мұқатай
Продюсер: Самат Қожасұлтанов
Сценарий авторы: Марина Құнарова