Сарай сыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарай сыры

Телехикая 1823-1845 жылдар аралығында Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір ханға қатысты тарихи оқиғаларға негізделеді.

Жәңгір хан қазақ даласына батыс өркениетін алып келіп, көптеген жаңалықтардың халқымызға келуінe себепкер болған.

Сериалда реформатор ханның саяси аренадағы рөлімен бірге, сарайдағы ішкі өмір, ханшалар арасындағы қарым-қатынастар, төрелер төңірегіндегі астыртын ойындар тарихи фактілерге сүйене отырып, көркемдік тәсілмен әрленіп беріледі.

Оқиғаның көп белгілі хан сарайында өтеді. Жәңгір хан алып келген жаңалықтар өз ордасының маңайында бой көтереді. Қыздар училищесі, емхана, дәріхана, ауа райын бақылайтын станция, баспахана және алғашқы мұражай, банк, жәрмеңке және орман шаруашылығы сияқты көптеген жаңалықтарды енгізгені негізгі идея ретінде көтеріледі.

Сарайдағы оқиғалар, ханның сұлтандарды қабылдауы және Фатиманың оқиғалары қатар өрбіп отырады. Хандықтың соңғы жылдарында орын алған, Исатай мен Махамбеттің тұлғасына қатысты шиеленіске толы тарихи оқиғалар да қамтылады.

Бұл оқиғалардың көпшілігі тарихи шындық болғанымен, көркем шығармаға тән стильмен әрбір оқиға тарихи шындықпен астаса беріледі.

Сериалда Жәңгір хан рөлін актер Медғат Өмірәлиев сомдаса, Фатима рөлінде - актриса Әмина Мектепбаева. Махамбетті актер Дархан Сүлейменов, Исатай рөлін Нұрлан Сағынаев сомдайды. 


Рөлдерде

Жәңгір хан
Бөкей Ордасының ханы
Актер Медғат Өмірәлиев
Махамбет
Актер Дархан Сүлейменов
Исатай
Актер Нұрлан Сағынаев
Қали сұлтан
Жәңгір ханның сенімді серігі
Актер Фараби Әбсаматов
Атан ханым
Жәңгірдің анасы
Актриса Тынышкүл Сұлтанбердиева
Қазима
Жәңгірдің бірінші әйелі
Актриса Зарина Кармен
Жүзім
Жәңгірдің екінші әйелі
Актриса Ұлбосын Шалқарова
Фатима
Жәңгірдің үшінші әйелі
Актриса Әмина Мектепбаева

Хабарламаларға жазылу