Қызыл алма - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл алма

Фильм қазіргі әлеуметтің бойында кездесетін қайшылықтар, адамдардың бір-біріне деген сезімдерінің, сенімдерінің жоғалуы, сатқындық, ата-анаға деген құрметтің өз дәрежесінде көрсетілмеуі сияқты түрлі тақырыптарды қозғайды.

Туған ағасы Біржаннан қапыда айырылып қалған Рүстем енді әмеңгерлік салт бойынша жеңгесіне үйленеді. Дүниеден ерте өткен әкесінің шеберлік өнері Рүстемге дарыған. Оның жасаған сандықтары қолөнер туындысындай көркем, бірақ жанұяның ауқатты өмір сүруіне жете бермейді.

Кейіпкерлердің жан  күйзелісі, өмір өткелдерінің сан қилы сынақтарынан өтіп, ең соңында отбасын сақтап қалуы әр көрерменге ой салары сөзсіз.

Эфирге шығатын уақыты: 21:35

Ұзақтығы: 42 минут

Аудиториясы: 12+

Тегтер: кызыл алма, serialy, телехикая, амангерлік, әмеңгерлік, онлайн, көру, сериал, біржан, сынақ, қазақша, қазақстанда жасалған, kyzyl alma

Хабарламаларға жазылу