Қорқыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт

Биографиялық телехикая сюжетінде Қорқыттың дүниеге келуі, балалық шағы, жеткіншек кезінен сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр» желісі негізінде түсірілген.

Түсірілім Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өтті.

4 бөлімнен тұратын туындының тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин. Редакторы - Болат Жетекбай. Продюсері – Шолпан Батырбаева. Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен бірге негізгі тарихи рөлдерде Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнап шықты. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.

Рөлдерде

10 жастағы Қорқыт
Актер Дастан Тұрдалы
15 жастағы Қорқыт
Актер Дінислам Нұрмағамбет
40 жастағы Қорқыт
Актер Әділ Ахметов
80 жастағы Қорқыт
Актер Айдос Бектемір
Тоймадық
Актер Еркебұлан Дайыров
Қара Қойшы
Актер Асан Мәжит
Тоймадықтың әйелі
Актриса Зарина Кәрмен
Бөрлі сұлу
Актриса Әлия Көшекбаева
Торқалы
Актриса Индира Сабирова
Талпақ
Актер Мақсат Рахмет
Қара бақсы
Актер Медғат Өмірәлиев

Хабарламаларға жазылу