Қазақ елі

Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, 23:25

«Қазақ Елі» көркем сериясының жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қолға алынған. Фильмде Қазақ хандығының қазығын қаққан Керей мен Жәнібек ғұмыр кешкен XV ғасырдағы көшпенді қазақ мәдениеті сипатталады. Телехикая сюжеті бойынша Керей мен Жәнібек халқының мүддесі жолында елге үстемдік жүргізуді мақсат тұтқан озбыр хан Шайбаншахпен тайталасқа түседі. 1457 жылы Сығанақ маңында болған ойраттармен шайқаста жеңіліс тапқан Шайбаншах олармен бітімгершілікке келеді. Алайда көшпенді халықты уысынан шығармау үшін аяусыз саясатын жүргізуді тоқтатпайды. Ханның озбырлығына төзе алмаған Керей мен Жәнібек оған қарсы шығып, маңайындағы ұлыс-тайпалардың басын қосып, Моғолстан шекарасына көшіп кетеді де, сол жерде жаңа хандық бой көтереді. 

Хабарламаларға жазылу