«Қара таңба» телехикаясы - өмірлік мәні бар қаржылық сабақ жайлы әлеуметтік драма.
Сериалдағы оқиғалар желісі қазіргі таңдағы кез келген нәрсені алып сату, белгісіз тауарға, не қызметке шығындануға шақыратын қоғам туралы баяндайды.
Сегіз бөлімде сегіз түрлі шым-шытырман оқиғалар беріледі. Шынайы өмірге барынша баламаланған сегіз түрлі оқиғада қиыншылықтары мен қызығы бірге жүреді. Әр оқиғада туындаған драмалық жағдайларға қарамастан, көрерменнің езуін тартатын орынды әзілге, сықаққа толы сәттері де жоқ емес.
Әр бөлімде жоғалған үмітін қайта тапқан, өз мәселесін толықтай шешпесе де, қаржылық дағдарыстан шығу жолын көре алған кейіпкерлер жаңа өмір бастауға қадам басады.