Отыңды өшірме

Сипаттамасы:

Өмірде жасаған жақсылығыңның да, жамандығыңның да қайтарымы болады. Азат пен  шешесі екеуі Перизатқа күн көрсетпеп еді, ақырында өздері сорлап қалды. Айым жеңгесінің ақылына құлақ аспай, өз өміріне жауапсыз қарап, сайран салып еді, жазасын тартты.

 

Перизат қанша қиналса да, ешкімге қиянат жасаған жоқ, адал тірлігінен танбады, тағдырдың салған ісіне сабырмен қарады, мойымады, тырбанып, ілгері ұмтыла берді, ақырында, Алла оған сол ізгі амалына сай сауап жазды, жақсы азаматқа жолықтырды, перзент сыйлады.

 

Телехикая жақсылық етсең де, жамандық істесең де, оның түбінде өзіңе қайтып оралатынын еске салады. 

 

Жанры: көркем драма

Өндіруші: «Қазақстан» РТРК» АҚ

Ұзақтығы: 42 мин

Бөлім саны: 20

Эфир күні мен уақыты: дс-жм, 20:40

 

Түсірілім тобы:

Қоюшы режиссер – Төлеген Бейсет

Сценарий авторлары – Мұрат Алмасбек

Қоюшы-оператор – Асылхан Мелдебеков

Қоюшы-суретші – Мақсат Жасұзақов

Продюсер – Нартай Өтегенов

Хабарламаларға жазылу