Махаббат пен кек, ар мен адалдық арасындағы тартыс – «Dila ханым» телехикаясының өзегіне айналған. Бұл – сүйгені үшін бүкіл болмысымен күрескен әйелдің тағдыры жайлы телехикая.
Телехикая махаббаттың шексіз күшін, адам жанындағы адасуды, отбасылық салт-дәстүр мен қоғам алдындағы борышты терең ашып көрсетеді. Саяси, әлеуметтік, моральдық астарға бай бұл драма көрерменді баурап алып, әр серия сайын жаңа қырларымен таңғалдырады.