Әмірші әйел

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 22:30

Қытайдың Юань әулетінің әміршісі болған Ки патшайым туралы тарихи телехикая.

Анасынан ерте айырылған Сон Нянь бозбала болып киініп, сұлу қыздарды олжалап кете беретін императордың жендеттерінен жасырынуға мәжбүр болады. Өзі топ құрып, бай шонжарларды тонап, халықты қанаған қатігез әміршіге барынша қарсылық көрсетеді. 

Тағдыр оны Коре ханзадасы - Ван Юмен және болашақ император Тогон-Темурмен жолықтырады. Дәл осы кезде тікелей әскери қысымның нәтижесінде Корё тәуелсіздігін жоғалтып, Юань империясының құрамына кіреді. 

Бұл өзгерістердің ортасында жүрген Сонь Нянь қос бірдей әміршіні ғашық етіп, өзінің қайсарлығы, ақылы мен парасаттылығының арқасында әмірші әйелге айналады.

Хабарламаларға жазылу