Абысындар

Өндіруші: «District13 Production» ЖШС

Жанры: комедия

Тілі: қазақша

Хронометраж: 26 минут

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 10:00

 

«Абысындар» комедиялық телехикаясы бір үлкен отбасының үш келіні – абысындардың өмірін баяндайды. Телехикаяның басты кейіпкерлерінің жас аралықтары, әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Олар қазақы салт-дәстүрді қатаң ұстанатын шаңыраққа келін болып түскен. Ал, енелері ұлдарының еншілерін бермей, олардың бір шаңырақтың астында тұруын қатаң талап етеді.

 

Уақыт өте келе абысындар туған әпкелі-сіңлілердей болып кетеді. Абысындар әр бөлімде тек жұмылып қана шешуге болатын түрлі жағдайларға тап болады. Ал, қатал ененің көңілі келіндеріне тола бермейді, оларды өзгертуге тырысады, қысқасы, қаланың ақсаусақ қыздарын мінсіз келін еткісі келеді. Қызықты туысқандық кикілжіңдер, бүгінгі таңдағы ене мен келін қарым-қатынасы, отбасылық сүйіспеншілік – осының бәрі жаңа телехикаяның өзекті тақырыптары. Телехикая мақсаты – берекелі отбасы ошақ қасынан басталатынын, ырыстың түбі – бірлік пен өзара сыйластықта екенін көрсетіп, қазіргі заманда отбасылық деңгейде туындап жататын мәселелерді әзіл арқылы жеткізу.

Хабарламаларға жазылу