Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
6 бөлімді тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
Қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан
Бас продюсер: Айсәуле Әбілда
Сценарий авторлары: Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын Сәйдірахман
Қоюшы-оператор: Жанат Өмірәлі
Қоюшы-суретші: Еламан Айнабеков
Композитор: Нұрболат Қадырбаев
Монтаж: Райымбек Аман
Рөлдерде