Ерекше форматтағы шоуға белгілі өнер иелерімен бірге халық арасынан шыққан таланттар қатысады. Әлеуметтік желілерде танымал болған немесе өз өңірінде ерекше өнерімен көзге түскен азаматтар, еңбек адамдары студияға шақырылып, сүйікті әндерін жанды дауыста орындайды. Студия қонақтары әндердің тарихына да тоқталып, естеліктерін ортаға салады.
Жоба жүргізушісі: Ғалымжан Кеңшілік