Жобада сайыс сәті емес, отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын, бірлескен белсенді демалысты насихаттау маңызды. Осыған байланысты, жобаның географиялық қамтылуы да, қатысушы отбасылардың саны да маңызды емес. Спорттық/дене шынықтыру сабақтарына тату отбасылық көзқарас, сайыс жағдайында отбасын біріктіру, спорттық рух элементтері ғана маңызды! Өзгермейтін параметрлер – 1 топ әрқашан 4 адамнан тұрады - 1 ересек ер адам, 1 ересек әйел және 7-12 жас аралығындағы 2 бала. Топ мүшелері арасында қандай да бір отбасылық байланыс болуы тиіс.