Технократтар талқысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Технократтар талқысы

Технократтар талқысы

Танымдық жобада электромобиль, робототехника, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, наноөнімдер, су табу технологиялары, ауаны тазарту, блокчейн, энергияның жаңа көздері, Жерден тыс өмір, ген редакциясы, ақылды қалалар мәселелері талқыланады.

Бағдарламаның бір маусымына Ұлттық ғылым академиясында, еліміздегі жоғары оқу орындарында, зерттеу институттарында және өзге де салаларда қызмет атқаратын 300-ден астам маман қатысады. Сонымен қоса хабарға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай елдерінде зерттеумен айналысып жүрген қазақ ғалымдары сұхбат береді.

Жобаның мақсаты – ғылым мен технология жаңалықтарын талдай отырып, Қазақстан ғалымдары мен инженерлерінің бұл салаға қосқан үлесін көрсету.

Тележоба ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы ғалымдарымен және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы мамандарымен кеңесе дайындалды. Жүргізуші: Болат Мүрсәлім.