Басты Жобалар SuperStar KZ
Мегажоба

SuperStar KZ

«Superstar KZ» жобасына дауыс беру ережелері

Телеарна – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы.

Дауыс беруге қатысушы – осы ережелерге сәйкес дауыс беретін жеке тұлға.

Байланыс операторы – дауыс беруші пайдаланатын ұялы немесе тіркелген телефон байланысының операторы.


Дауыс беру мерзімі

Дауыс беру 2026 жылғы 17 қазан мен 26 желтоқсан аралығында өтеді.

Дауыс берудің нақты басталу және аяқталу уақыты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Superstar KZ» жобасының эфирінде хабарланады.


Қалай дауыс беруге болады?

Көрермен өзіне ұнаған қатысушыға екі тәсілмен дауыс бере алады.


1. Telegram арқылы

− Telegram қосымшасынан @superstarkz_bot ботын ашыңыз.

- Дауыс бергіңіз келетін қатысушының нөмірін жіберіңіз.

- Дауысыңыз қабылданса, боттан «Дауысыңыз қабылданды. Сіздің таңдауыңыз: [қатысушының аты-жөні]» деген хабарлама келеді.

Егер дауыс беру әлі басталмаса немесе аяқталса, бот «Қазіргі уақытта белсенді дауыс беру жоқ» деп хабарлайды.


2. Телефон арқылы

− +7 727 345 4444 нөміріне қоңырау шалыңыз.

− Автоматты дауыстық нұсқаулықты тыңдаңыз.

− Телефон пернетақтасы арқылы таңдаған қатысушының нөмірін тонтық теру режимінде енгізіңіз.

− Дауыс беру аяқталған соң, дауысыңыздың қай қатысушыға берілгені дауыстық хабарлама арқылы расталады.


Дауыс беру ақылы ма?

Telegram-бот арқылы дауыс беру тегін.

Көрсетілген телефон нөмірі арқылы дауыс беру қызметі де тегін. Алайда байланыс операторының тарифіне сәйкес қалааралық қоңырау үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.


Бір адам қанша рет дауыс бере алады?

Telegram-бот арқылы – 10 дауысқа дейін.

Қазақстандық бір телефон нөмірінен қоңырау шалу арқылы – 10 дауысқа дейін.


Маңызды ақпарат

− Дауыс беру осы ережелерге сәйкес өткізіледі.

− Telegram-ботқа қатысушының нөмірін жіберу немесе телефон арқылы дауыс беру осы ережелермен келісуді білдіреді.


Ережелер «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазылар алқасының құрамы:

Ләйлә Сұлтанқызы. Super Star KZ
Ерболат Беделхан. Super Star KZ
Мақпал Исабекова. Super Star KZ

Жоба жүргізушілері

Ерболат Беделхан. Super Star KZ