Сенбілік таң

Сенбілік таң

Жанры: ақпараттық-танымдық

Ұзақтығы: 45 минут

Жиілігі: әр сенбі

Эфир уақыты: 10:00 

Қайталау уақыты:

Сипаттамасы:

Бағдарлама жүргізушісі басты кейіпкердің шаңырағында жайылған дастархан басында отырып, көрерменмен амандасып, кейіпкерді таныстырады. Дастархан басындағыларға сауалдарын қойып, олардың өміріне қатысты сұрақтармен отбасылық ерекшеліктерін аша түседі. Жұбайлардың танысу тарихы, отбасылық өмірінде кездескен қиыншылықтары мен оларды жеңу жолдары, қуаныштары мен ортақ жетістіктері басты назарға алынады. Махаббатқа адалдық, отбасы беріктігі, бала тәрбиесі, ата-әже институты – сұхбат дәл осы тақырыптар аясында өрбиді. Сонымен қатар, кейіпкер отбасына қатысты бірнеше видеоқатар көрсетіледі. Бірінші видеоқатар осы отбасындағы бірлік, сыйластық жайында болса, екіншісінде кейіпкердің көпшілік біле бермейтін қырлары көрсетіледі. Соңында жүргізуші әңгімені әдемі түйіндеп, кейіпкерлерге алғысын білдіріп, көрерменмен қоштасады.

Хабарламаларға жазылу