Күміс көмей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Күміс көмей

Күміс көмей

Эфир уақыты: жексенбі, 20:00

Ұлтымыздың дәстүрлі музыкасын насихаттау бағытында қолға алынған жобаға С. Жанпейісова, Т. Нұркенов, Е. Шүкіман, М. Мықтыбаев, Е. Қосбармақов, А. Ноғайбаева, Е. Рысқали, Т. Кененқызы, О. Құлсымақ, А. Өтешов, Г. Сарина, П. Тұрарова, Б. Бәбіжан сынды елге танымал өнерпаздар қатысады. Домбыра, қобыз, сазсырнай, сырнай, жетіген, т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері мен күй-термелер орындап, карантиндегі шектеулерге байланысты ұлттық өнерден қол үзіп қалған талғампаз көрерменді әсем әуендермен сусындатады. Сондай-ақ ұлттық музыканың тарихына саяхат жасалады.

Бағдарлама жүргізушісі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова.