Күлкі іздеген Күнекей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Күлкі іздеген Күнекей

Күлкі іздеген Күнекей

Бағдарламаның мақсаты -  балаларды отандық киноға қызықтырып, олардың санасына қазақы тәрбиені, қазақы дүниетанымды сіңіру, қазақ анимация өнерінің аудиториясын кеңейтіп, сұраныстарын арттыру. 

Жоба қазақтың және әлемдік классикалық ертегілерінің синтезі болып табылады. Аталмыш анимациялық мультхикаяның оқиға желісінен «Жалын-құс», «Алтын балық», «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек», «Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс», «Алып кит», «Алтын балта» сынды ертегілердің фабуласын көре аламыз. Бас кейіпкердің Күнекей деп аталуы да осыған саяды. Оқиға желісінен түрлі әлемдерді көруге болады. Ол су асты әлемі, ергежейлілер әлемі мен тұнжыраған әлем. Әр әлемнің өзіндік стилі мен соған сай кейіпкерлері болмақ. Басты кейіпкер - Күнекейдің бейнесі қазақ қызының өң тұлғасынан сыр шертпек. Шат-шадыман өмір сүріп жатқан әсем қаланың тұрғындарының бойын беймәлім алаңдаушылық баса бастады. Себебі, жүздері жадырап, езулері тыйылмай бақытты жүрген кейбір балалар күлкісінен айырылып, қабақтары түсіп, түнеріп қалды. Күндердің бір күнінде бұл дерт Күнекейдің інісі Саматқа да ұршықтай тиді. Саматтың күлкісін ұрлап, ұшқыш сыпыртқысына отырып алып қаша жөнелген жан иесін көрген Күнекей, оның артынан қуа жөнеледі. Әлбетте, әлгі ұры оған ұстатпай көзден ғайып болды. Енді, Күнекей, інісінің күлкісін табуға, және ұрының сазайын тарттыру мақсатында, әлгі ұрыны іздеуге жолға шығады. Оқиға осылайша өрби түседі. 

Хабарламаларға жазылу