100 жаңа есім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
100 жаңа есім

100 жаңа есім

100 жаңа есім. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды көп таныла бермеген тұлғалар. Олар танымалдылыққа, мансап пен байлыққа ұмтылған жоқ. Олар өздерінің жан қалауын жасаған жандар. Жан қалауын жасай жүріп, үлкен белестерді бағындырды. Алдымен ең үлкен тосқауыл - өздерінің жігерсіздігін жеңді. Көп армандады және нақты мақсат қойып, оны жүзеге асыру үшін көп ізденді. Нәтижесінде бірі ғылымда, бірі медицинада, бірі өнер мен спортта үлкен жетістікке жетті. Бірақ олар жүріп өткен жол қандай еді?  Маңдай тер, ұйқысыз түндер, қорқу мен қобалжу. Олар осы сезімдердің бәрінен өтіп шыңдалғандар. Олар бүгінгі күннің батырлары.