Жүзден жүйрік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Жүзден жүйрік

Жүзден жүйрік

Ең ауқымды ұлттық интеллектуалдық жоба. Әр бағдарламаға 14-16 қатысушы қатысады. Олар тарихы тереңде жатқан еліміз жайлы, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, әлемге аты мәшһүр тұлғаларымыз бен ұлы жазушыларымыз, һәм олардың бай мұралары туралы бәрінен мықты білетінін дәлелдеу үшін бақтары мен білімдерін сынға салады. Корпорация заманауи технологияларды қолдану арқылы бұл жобаға бір уақытта 100 қазақстандықтың үйінде отырып онлайн қатысуына мүмкіндік жасады. Мұндай технология отандық телевизия саласында қолданылмаған. Ауқымы мен бағытынан бөлек, студияның безендірілуі мен техникалық жарақтандырылуы мүлдем жаңа сипатта жүріп жатыр. Жүргізуші - Нартай Аралбайұлы.