Дәуір даналары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Дәуір даналары

Дәуір даналары

Елдің өткен тарихында бізге беймәлім көп сыр жатыр. Қазақстанның жалпы қазақ халқының тарихын там-тұмдап зерттеп, құпиясын ашып жүрген ғалымдар бар. Бірақ бұл бүтін елдің тарихы тұтас мәлім болды деген сөз емес. Қазақ даласында біз білмейтін, тіпті әлі көбесі сөгілмеген тылсым тарих қатпарланып жатыр. Өткен ғасыр қойнауынан сыр бүгіп жатқан дархан даламызда әлі талайды таңдандырып, әлемді дүр сілкіндірер тарихи мұралар, көне жәдігерлер бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Оған соңғы жылдары еліміздің әр түкпірінен көптеп табылып жатқан «алтын адам» дәлел. Еліміздің болашағы өте зор, ал өткен тарихымыз мұраға бай. Мақсат сол мұраларды елге жеткізу.