DARYN - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
DARYN

DARYN

Жобаға мектептің 9-сынып оқушылары ғана қатысады, олар облыстық деңгейде онлайн немесе оффлайн форматта іріктеуден өтеді. Бір бағдарламаға 12 ойыншы қатысады. Бағдарлама төрт турдан тұрады. Әр кезең бойынша аз ұпай жинаған сайыскер ойынды сол жерден тоқтатады. Төртінші кезеңде бірінші және екінші орын алған оқушы жобаның келесі айналымына қатысады.

Сайысқа қатысушылар студияға ұстаздарымен немесе тәлімгерлерімен келуі тиіс. Маусымдық ойын жеңімпазына ең беделді оқу орнының білім гранты табысталады.