Дала өркениеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Дала өркениеті

Дала өркениеті

Қазақ тамырынан алыстап барады деген пікір бүгінде жиі айтылады және ол сөздің жаны бар. Өз заманында өркениеттің бесігі болған қазақ даласының бай тарихы мен мәдениетін көпшілік тереңінен біле бермейді. Осынау Ұлы далада бабаларымыз жылқы малын алғаш қолға үйретіп, дүние жүзінде жауынгерлік өнердің дамуына серпін берді. Қазақ ежелден уақыт пен кеңістіктің тілін танып, жыл санаудың өзіндік болжамын жасады. Табиғатқа терең үңіліп, өсімдіктердің пайдасы мен қасиетін денсаулыққа пайдалана білді. Қоғамда тәртіп орнатуда ізгілікке негізделген дала заңын орнатты. Ұрпақ тәрбиелеуде әжелер институты мен ата жолының өзіндік ұстанымдарын бекітті. Қазақ руханияты тарихқа ғана емес, тағылымға бай. Сондықтан ұлтымыздың өзіне тән ерекшеліктерін, болмысын, даралығын жоғары сапалы деректі фильмдер арқылы ашып көрсету - басты мұратымыз.