Беу ток-шоу

Беу ток-шоу

Идеясы: Хабар ток шоу элементерімен музыкалық концерт форма­тында өтеді. Хабар барысында танымал орындаушы өз репертуарындағы әндерді арнайы құрылған көркемдік кеңеске ұсынады. Көркемдік кеңес мүшелері (халық әртістері, композитор, ақын, музыкалық сыншы, өнерта­нушы, журналист, стилист, ивент продюсер, меломан және т.б) әр бағдар­лама сайын ауысып отырады. Хабарда әнші (бір бағдарламада екі орында­ушы болуы мүмкін) бас-аяғы 4 ән орындайды және хабар соңы көркемдік кеңеске мүше болған әншінің репертуарындағы уақыт сынынан өткен та­нымал әнмен аяқталады.

Хабардың ерекшелігі: Хабар әнмен басталады. Хабарға кейіпкер болған әнші төрт әнін орындайды. Әр ән орындалған соң әннің төңірегінде кәсіби пікірталас туады. Талқыға салынған әнге кәсіби мамандардан бастап қарапайым тыңдарман да өз бағасын бере ала­ды. Айтыс, тартыс тб эмоциялар арқылы пікірін білдіріп отырады. Әнші де өз уәжін айтуға құқылы. Әр бағдарламаның басты кейіпкеріне жүргізуші тарапынан led экран арқылы «то­сын сұрақ» қойылады. Бүкіл сыннан сүрінбей өткен әннің орындаушысына жоба атынан арнайы статуетка табысталып, жыл соңында өтетін гала концертке жолдама беріледі.

Атауы: «BEY» (Беу)

Жанры: ток-шоу сипатындағы танымдық, музыкалық хабар

Ұзақтығы: 45 минут

Тілі: қазақ

 

Хабарламаларға жазылу