Әзіл әлемі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Әзіл әлемі

Әзіл әлемі

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейтін елдің ұрпағы әзіл айтпай өмір сүре алмасы анық. Осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын сүрлеуін салған «Тамаша» әзіл-сықақ отауынан соң елімізде ондаған театрлар өз өнерін қалың көпшілікке ұсынуда. Солардың бірі әрі бірегейі – «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театры. Алғашқы қойылымынан бастап, әзіл әлеміндегі жаңашылдықты желеу еткен жас актерлермен қатар, сахнада елімізге әйгілі әнші-күйші-бишілер де өнер көрсетіп келеді.