Ауылдастар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Ауылдастар

Ауылдастар

Бұл тележоба – ауыл адамдарының күнделікті өмірі туралы. Елді мекендерді қолдау жөніндегі түрлі мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, өз алдына кәсіп ашып, түтінін түзу түтетіп отырған ағайынның тұрмыс-тіршілігі сипатталады. Сауыншы, бағбан, құдықшы, зергер, малшы секілді жекелеген ауыл адамдары өзгеге үлгі боларлық өмірлері туралы өзері баяндап береді. Жобада ене мен келіннің, ата мен баланың татулығын көрсету арқылы адами және отбасылық құндылықтар дәріптеледі. Жергілікті халықпен етене араласып, бір атаның баласындай болып кеткен өзге ұлт өкілдерінің өмірі де көрсетіледі.