AQSAÝYT - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
AQSAÝYT

AQSAÝYT

Әскери – патриоттық «Ақсауыт» жобасы – әскери қызмет пен қызметшілер туралы бағдарлама. Әскердің ішкі келбеті: әр шығарылым сайын телекөрермендер әскердің қазіргі жағдайымен танысып қана қоймай, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру жолында қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы білетін болады. Бұл бағдарлама ҚР Қарулы Күштері, Ұлттық Ұлан мен ҚР ҰҚК шекара қызметінің жаңа келбетімен жақынырақ танысқысы келетін адамдарға арналған. Жоба тілшісі әр әскери округ пен шекараларға барып, әуеде, құрлықта және теңізде кімдердің қызмет етіп жүргендігі жайлы айтады. Сонымен қатар, бұл бағдарлама жұбайы немесе ұлы әскери кезекшілікте әлде полигонда, жауынгерлік жорықта не болмаса еліміздің теңіз шекарасын қорғап жүрген телекөрермендерге де арналған. 

Эфирге шығатын уақыты: Жексенбі - 8:00;