Еліміздегі Ұлттық Ұланға жүктелген міндет жетерлік. Олар мемлекеттің тыныштығын сақтап қана қоймай, төтенше жағдайлар кезінде құтқару шараларын тікелей жүзеге асырады, халықаралық бітімгерлік миссияларды атқаруға тартылады.
Сондай-ақ, қажет кезінде шекара шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жұмылдырылатын қуатты құрылым.
Бүгін 08:30-да «Ақсауыт» бағдарламасынан қоғамдық тыныштықты сақтау жолында қызмет ететін шымкенттік Ұлттық Ұлан бригадасының қызметі туралы біле аласыздар.