Мемлекет басшысы: Қазақтың ұлдары мықты болса, еліміздің қорғаны берік болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Қазақтың ұлдары мықты болса, еліміздің қорғаны берік болады (ВИДЕО)

04.07.2015
Мемлекет басшысы: Қазақтың ұлдары мықты болса, еліміздің қорғаны берік болады (ВИДЕО)

Елбасы Н.Назарбаев V республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевқа жарыстың басты сыйлығы «Алтын тайтұяқты» табыстады.

«Бірнеше жылдан бері елімізде Тәуелсіздіктің бір нышаны ретінде қазақ күресін қайтадан жаңғырттық. Қазақ күресі -  ұлтымызбен бірге келе жатқан спорт түрі. Жеңіскер палуанға «Алтын тайтұяқ» тапсыру ежелден бар.

Ұлы бабаларымыз Балуан Шолақ пен Қажымұқан Мұңайтпасов қазақтың атын жаңғыртып өткен. Олардың есімдері қазақ тарихында жазулы. Бүгінгі спортшылардың арасынан да осындай палуандардың шығарына сенім білдіремін.

Белдескен палуандардың барлығын шын жүректен құттықтаймын. Біздің жігіттерімізге қарап, халықтың мерейі өсіп отыр. Қазақтың ұлдары мықты болса, еліміздің қорғаны берік болады», - деді Елбасы. 

Хабарламаларға жазылу