«Қазақстан Барысы» турнирінің финалын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» турнирінің финалын көріңіз

04.07.2015
«Қазақстан Барысы» турнирінің финалын көріңіз

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді.  Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды.

«KAZsport» телеарнасы 12:50-ден бастап барлық белдесулерді халық назарына тікелей эфирде ұсынбақ.

Дүбірлі доданың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 16:35-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.

Хабарламаларға жазылу