Медициналық туризм дегеніміз не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық туризм дегеніміз не?

04.07.2015
Медициналық туризм дегеніміз не?

Медициналық туризм – бұл азаматтардың сапалы және қолжетімді медициналық көмекті іздеу мақсатында шетелге шығуы. Адамдардың медициналық көмекті өзге елдерде алуына итермелейтін түрлі әлеуметтік-экономикалық себептер бар.

Мұндай турлардың қатысушыларының көпшілігі өз елінде уақытылы білікті ем алу мүмкіндігіне ие бола алмаған соң, көршілес елдердің медициналық көмегіне жүгінеді.

Қазақстандық пациенттер ұзақ уақыт бойы кардиохирургия, нейрохирургия, мүшелерге трансплантация жасау, онкология және т.б. сияқты медицина салаларында ем алу үшін өзге елдерге баруға мәжбүр еді. Ал, қазір жағдай басқа.

Астана қаласында Ұлттық медициналық холдингінің қазіргі заманғы клиникаларын құру мен елдегі кардиохирургиялық және нейрохирургиялық көмектің дамуы, қазақстандықтардың шетелде емделуге деген қажеттіліктерін едәуір төмендетті. Тіпті, шетелдіктер үшін Қазақстанда халықаралық талаптарға сай медициналық қызмет алу мүмкіндігі туды.

Медициналық туризмнің біздің елдегі көрінісі туралы толығырақ бүгін 10:05-те «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу