Қазақстан және Ресей әншілері «Астана кубогы» үшін футболдан сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан және Ресей әншілері «Астана кубогы» үшін футболдан сынға түсті

03.07.2015
Қазақстан және Ресей әншілері «Астана кубогы» үшін футболдан сынға түсті

Астана күні қарсаңында өнерімен көпшілік арасында танылған әншілер енді доп тебуден жұртшылықты тәнті етті.

Қазақстан тарапынан «МузАрт», «Нұр-Мұқасан», «Ringo», «Misterions», «Арай» топтарының солистері және Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жанай, Мэлс Сағатұлы секілді әншілер футбол алаңына шықты.

Ал, ресейлік құрама командасы сапында Илья Авербух, Илья Глинников, Пьер Нарцис, Виктор Зинчук және Сергей Крыловтар сынға түсті. Қорытынды есеп бойынша Қазақстан әншілер құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Хабарламаларға жазылу