Болашақта мамандықтардың көбісі жоғалады. «Нұрлы жол» және «Үдемелі-индустриалды инновациялық даму» бағдарламаларына арналған жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер қазіргі кәсіпорындардың өндірістегі тиімділігін арттыруға көңіл бөлуі керек. Яғни, технологияны роботтандыру, автоматтандыру арқылы тиімді жүйе енгізу тиіс.
Мұндай жүйені енгізу – жұмыс орындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Артық жұмысшылар қысқартылып, олардың орнына роботтар келеді. Болашақта бүгінгі мамандықтардың қажеті болмайды. Технологиялық модернизациялауға дайын болуымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін сағат 22:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Елбасының қатысуымен өтіп жатқан телекөпірден арнайы жоба ұсынады.