Елордадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір басталды

02.07.2015
Елордадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір басталды

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің «Нұрлы жол» және «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір басталды.

Телекөпір аясында жаңа индустриалды және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылады. Онлайн режимінде 10 жаңа нысан пайдалануға беріліп, ҚР Президентіне 5 инфрақұрылымдық нысанның құрылыс барысы таныстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысын Орал-РФ шекарасы автожол учаскесі құрылысының басталуы және «Ақтау Теңіз порты» ЕЭА-нда үш құрғақ жүк терминалы құрылысының аяқталғандығы туралы хабардар етеді. 

Шара аясында Қазақстанда өндірілген тауарлардың, маңызды жобалар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрсетілімі ұйымдастырылуда.

Айта кетерлігі, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта тек қана Индустрияландыру картасы аясында 20 жаңа жоба іске қосылып, екі мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

Хабарламаларға жазылу