Жоламан Құжиманов: Дәстүрлі ән ешқашан өлмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоламан Құжиманов: Дәстүрлі ән ешқашан өлмейді

02.07.2015
Жоламан Құжиманов: Дәстүрлі ән ешқашан өлмейді

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі концерт өткізбек ниетте.

«Әуелде Балуан Шолақтың бұрын-соңды орындалмаған, кейіннен табылған әндерін жарыққа шығарып,  концерт беру ойда жүрген еді. Бірақ, Қазақ хандығының 550 жылдығы келе жатқан соң, қосқан үлесіміз осы болсын деп, үлкен кеш бермекпіз. Онда Балуан Шолақтың әндері де айтылады»,-дейді әнші.

«Астананың жылдан-жылға көркейіп, әлемге танылғаны еліміз үшін үлкен қуаныш.  Әлем елдері алдында Астанамызбен мақтана аламыз. Жаһан жұртына «Міне, біздің Елордамыз», деп айта алатындай дәрежедеміз. Сондықтан, Қазақ еліне тыныштық, бақыт тілемін».

Дәстүрлі әннің насихатталу мәселесіне тоқталған Жоламан Құжиманов: «Эстраданың қарыштап дамығаны дұрыс. Дәстүрлі ән эстраданың қалтарысында қалып қояды, дегенге келіспеймін. Егер қазақтың қазақ екені рас болса, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұра дами бермек. Бірақ, дәстүрлі әнді орындаушылардың әнді бұрмаламай орындағаны жөн.  Қазақтың Италияның арияларынан асып түсетін әндері бар. Бұл өнер ешқашан өлмейді.   Тек бала кезден құлаққа сіңіріп өскен жөн»,-дейді.

Әншінің орындауындағы Біржан салдың «Мінезі жүйріктердің соқпа-соқпа» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу