Көліктегі Ішкі істер департаментінде азаптау құрбандарына қолдау көрсету күніне орай ақпараттық кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктегі Ішкі істер департаментінде азаптау құрбандарына қолдау көрсету күніне орай ақпараттық кездесу өтті

01.07.2015
Көліктегі Ішкі істер департаментінде азаптау құрбандарына қолдау көрсету күніне орай ақпараттық кездесу өтті

Көліктегі Ішкі істер департаментінде Азаптауға қарсы қазақстандық ҮЕҰ Коалициясының өкілдерімен ақпараттық кездесу өтті.

Шара ҚР ІІМ Қаулысына сәйкес, ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасымен Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күніне орай ұйымдастырылған. 

«Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының директоры Анар Ибраева қатысушыларға Коалицияның құрылуы, ұлттық азаптаудан сақтандыру механизмдері және Қазақстанның азаптауға қарсы іс-әрекеттердегі міндеттемелері мен жетістіктері туралы әңгімеледі.

Шараға Бас көліктік прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері, Көліктегі ІІД-нің бөлімше қызметкерлері қатысты. 

Хабарламаларға жазылу