Ежелгі футбол ойынының ерекшеліктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ежелгі футбол ойынының ерекшеліктері

30.06.2015
Ежелгі футбол ойынының ерекшеліктері

Эпескирос, кальчио, дзуню, гарпастум, шалыга. Бұлар – футбол ойынының ежелгі атаулары. Әр ойынның өзіндік ережелері  болған.

Мысалы, ежелгі қытайлықтар «дзуню» ойнаған. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр командада алты адамнан. Ойыншылардың әрқайсысының өз қақпасы болады. Ал, ойын барысын император қадағалап отырады. Жеңілген команданы бамбук ағашымен ұрып жазалайтын болған.

Ал, Ежелгі Грецияда қақпаны жерге сызып белгілеген. Әр командада бес ойыншыдан. Айта кетерлігі, алғашқы комментаторлар осы Грециядан шыққан. Оған дәлел ежелгі грек жазбалары.

Рим қолбасшысы Юлий Цезарьды әккі шабуылшы деуге болады. Тіпті, ол қоластындағы жауынгерлеріне де доп ойнауды бұйырған. Егер кімде-кім ойыннан бас тартса, өлім жазасына кесілген. Ежелгі римдіктер футболды «гарпастум» немесе «кальчио» деп атаған. Кейін бұл ойынға шіркеу қызметкерлері де қатты қызыққан.

Ал, ағылшындардың футболға арналған добы төрт келі тартқан. Футболға 500-ге тарта ойыншы қатысқан. Алайда, халықтың көптігіне байланысты ойыншылар жарақат алып, тіпті адам шығыны болған. Осыған байланысты 1313 жылы патша II Эдуард футболға тыйым салады.

Футбол ойыны туралы өзге де қызықтарды «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу