«Астана жұлдызы» бәйгесінің жеңімпаздарын 100 сарапшы анықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана жұлдызы» бәйгесінің жеңімпаздарын 100 сарапшы анықтайды

29.06.2015
«Астана жұлдызы» бәйгесінің жеңімпаздарын 100 сарапшы анықтайды

4 шілде күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін «Астана жұлдызы-2015» Ұлттық музыка бәйгесінің сараптау комиссиясы 100 адамнан тұрады. Тәуелсіз сарапшылар құрамында ұсынылған аталымдар бойынша жұмыстарды кәсіби деңгейде бағалайтын әртістер, продюсерлер мен вокал бойынша арнайы мамандар бар.

Олар «Жігіттер арасындағы үздік орындаушы», «Қыздар арасындағы үздік орындаушы», «Үздік жігіттер тобы», «Үздік қыздар тобы», «Үздік дуэт», «Жаңа тыныс»,  «Жыл әні»,  «Үздік композитор», «Үздік мәтін авторы», «Үздік өңдеуші», «Үздік клипмейкер» және «Үздік жеке концерт» аталымдары  бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Айта кетейік, дәстүр бойынша жүлдені тапсыру кешінде сағат 17:00-ден бастап Мәдениет қайраткерлері мен отандық шоу-бизнес жұлдыздары «қызыл кілеммен» жүріп өтеді.  

Хабарламаларға жазылу