Түлкібас ауданында Польша елінің кәсіпкерлері алма егуді қолға алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлкібас ауданында Польша елінің кәсіпкерлері алма егуді қолға алмақ

28.06.2015
Түлкібас ауданында Польша елінің кәсіпкерлері алма егуді қолға алмақ

Қазақстанның Польшадағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланысты арттыру мақсатында Варшава қаласында екі елдің билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жиын болып өтті. 

Осы орайда екі мемлекет арасында «KZ-EURO-PL» Еуразиялық палатасы құрылды. Ұйым құрамына машина жасау, аграрлық өнеркәсіп, энергетика, құрылыс салалары бойынша жұмыс атқаратын Польшаның жетекші компаниялары және 70-тен астам орта кәсіпорындары енбек. 

Еуразиялық палата Қазақстанда «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасын Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанада іске асуына қолғабыс көрсетеді.

 

otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу