Өскемен-Новосібір бағытындағы халықаралық әуе рейсі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен-Новосібір бағытындағы халықаралық әуе рейсі ашылды

27.06.2015
Өскемен-Новосібір бағытындағы халықаралық әуе рейсі ашылды

Өскеменнен Мәскеуге аптасына төрт мәрте әуе рейстері қатынайды. Компанияның Орта Азия елдеріндегі өкілі Евгений Чернышевтың айтуынша, жаңа рейстің ашылуы жолаушылардың Өскеменге жетуін жылдамдатып, жеңілдете түспек.

Сондай-ақ, Новосібірден Алматы және Шымкент шаһарларына тікелей рейстер бар. Ал, Мәскеуге Семей және Павлодар қалалары арқылы «S7» әуе компаниясының ұшақтарымен тура ұшуға болады.

Өскемен-Новосібір әуе рейсі еуропалық Airbus A320 комфортабельді ұшақтары арқылы жүзеге асырылады. Ұшақтың сиымдылығы 158 жолаушыға арналған. Ең төменгі билет құны - 21 541 теңге.

Новосібірден ұшып шыққан әуе көлігі Өскемен әуежайына әр дүйсенбі сайын кешкі сағат 16.20-да қонады. Кейін қарай 17.20-да ұшады. Ұшақтың Новосібірге қонатын уақыты - 18.55.

 

altaynews.kz

 

Хабарламаларға жазылу