«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды

26.06.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды  «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанова құттықтау сөзімен ашты.

Шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Олар: Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы Жүнісова және «Аptа.kz» бағдарламасының арнайы тілшісі Әлімжан Сабыржанұлы.

Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы  Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды.

Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Корпорацияның қызметкерлері ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

1) Назгүл Жапарова - Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы продюссерлік қызметінің продюсер-редакторы;

2) Амангелді Боранов«KAZsport» телеарнасының қоюшы-режиссері;

3) Қуан Шайсұлтанов Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің аға инженері.

 Елбасының сындарлы саясатын, «Қазақстан-2050» стратегиясының басымдықтарын, партияның ел игілігі жолындағы қызметін және еліміздің жетістіктерін насихаттауға белсене үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» партиясының атынан төмендегі қызметкерлерге алғыс жарияланды:

1) Индира Бегайдарқызы - АБД тілшілер бөлімінің тілшісі;

2) Ғабит Ұзақбаев - АБД директорының контент жөніндегі орынбасары.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдыстығы Президентінің Алғыс хатымен Ұлттық спорт түрлерін насихаттауда белсенділік танытып, айрықша үлес қосқаны үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды:

1) Нұрсұлтан Құдайберді - «KAZsport» телеарнасының редакторы;

2) Руслан Дәулетов - «KAZsport» телеарнаның бас режиссері;

3) Рустам Байдаулетов -АБД спорт бағдарламаларының редактор-жүргізушісі.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін төл мерекеге орай Басқарма төрағасының Алғыс хатымен төмендегі қызметкерлер марапатталды:

1) Бердімұрат Нұрбол - «Қазақстан» ҰТА бағдарламалар өндірісі жөніндегі шығармашылық бірлестігінің 1-санаттағы режиссері;

2) Шырын Сүлейменова - «Қазақстан» ҰТА бағдарламалау және эфирге шығару бөлімінің шығарушы редакторы;

3) Әсел Ертұрғанова - «Қазақстан» ҰТА кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің техникалық редакторы;

4) Медет Сәрсембаев - «Қазақстан» ҰТА бейнемонтажерлар бөлімінің 2-санаттағы бейнемонтажеры;

5) Айгерім Қалымова - «Қазақстан» ҰТА таңғы, ақпараттық - ойын-сауық бағдарламалары шығармашылық бірлестігінің 1 -санаттағы редакторы;

6) Еркебұлан Кұрманғалиев - «Қазақстан» ҰТА операторлық бөлімнің басшысы;

7) Еркін Рахимов - «Қазақстан» ҰТА дыбыс режиссерлік бөлімінің 1-санаттағы дыбыс режиссері;

8) Жазира Хасенова - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы режиссерлік бөлімі режиссерінің ассистенті;

9) Данияр Исмаилов -  «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы режиссерлік бөлімінің монтаж инженері;

10) Зина Тәжібаева - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы режиссерлік бөлімінің монтаж режиссері;

11) Жасұлан Жақсай - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы операторлық бөлімінің қоюшы телеоператоры;

12) Азат Рыстанбеков - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жедел жобалар бөлімінің шеф-редакторы;

13) Азамат Тілепов - Радиохабар тарату дирекциясы, Қазақ радиосы «Әлеумет» редакциясының редакторы;

14) Ризабек Халықбек - Радиохабар тарату дирекциясы, Қазақ радиосы анонс бөлімінің аға монтаждау дыбыс режиссері;

15) Бағдагүл Шарғынова - Радиохабар тарату дирекциясы, «Шалқар» радиосының редакторы;

16) Алмас Байдырахманов - Радиохабар тарату дирекциясы, «Астана» радиосы ақпараттық-бағдарламалар қызметі жетекшісінің орынбасары;

17) Нұрсұлтан Темірханов – «KAZsport» телеарнасының режиссері;

18) ГауҺар Ахметова – «KAZsport» телеарнасының шарттар бойынша менеджері;

19) Мақсат Шымыр - Техникалық қамтамасыз ету департаменті, техникалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің ТЖК бейнеинженері;

20) Бақытжан Сартаев - Техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақ радиосы эфирінің дыбыс инженері;

21) Рауан Искалиев - Стратегиялық маркетинг департаментінің баспасөз хатшысы;

22) Нұрхан  Шарханұлы - Стратегиялық маркетинг департаменті дизайн орталығының 3D аниматоры;

23) Мәншүк Ахметова - Стратегиялық маркетинг департаменті интернет-редакцияның веб-редакторы;

24) Дәметкен Мұқанова - ұйымдастыру - бақылау бөлімінің маманы;

25) Әлия Хабиденова - заң бөлімінің бас заң кеңесшісі;

26) Эльмира Нұрхайдарова - кадрлар және рекрутинг бөлімінің бас маманы;

27) Әлмира Кафизова - Қаржылық қамтамасыз ету департаменті бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің еңбекақы бойынша бас маманы;

28) Гүлмира Әбілмәжинова - Қаржылық қамтамасыз ету департаменті экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы;

29) Жансұлу Қонгужинова - Қаржылық қамтамасыз ету департаменті сатып алу бөлімі бастығының орынбасары;

30) Уәлихан Рақымжанов - Шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы автокөлік цехының жүргізуші механигі;

31) Жанна Нұрмағанбетова - Шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы автокөлік цехының гараж диспетчері.

Сол сияқты, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен Корпорацияның жұмысын ақпараттық сүймелдеуге қосқан шығармашылық үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне Басқарма Төрағасының атынан алғыс жарияланды:

1) Қарашаш Тоқсанбай - «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің шолушысы;

2) Сәуле Әбединова - «Ақжүніс» республикалық қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-мәдени журналдың бас редакторы;

3) Мұратбек Мақұлбеков - «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі;

4) Руслан Ғапбасов - «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі;

5) Дамир Байманов - «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі;

6) Гүлбану Абенова - «Свобода слова» апталық республикалық газетінің тілшісі;

7) Ольга Шишанова - «Новое поколение» республикалық газетінің журналисі;

8) Наталья Курпякова - «Казахстанская правда» жалпыұлттық газеті мәдениет бөлімінің редакторы;

9) Айнұр Рақышева - «baq.kz» ақпараттық агенттігінің журналист-редакторы;

10) Анеля Қасымова - «BNews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі;

11) Нұрсерік Жолбарыс - «baq.kz» ақпараттық агенттігінің Бас редакторының орынбасары.

Хабарламаларға жазылу