Шымкентте өткен «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуінде нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Назима Исаханова топ жарды. Енді ол Астанада өтетін финалға Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысады.
12 жастағы Назима Исаханова бұған дейін қазақстандық және халықаралық байқауларға қатысқан. Сондай-ақ, ол Мәскеуде өткен «Белая трость» фестивалінде әнші Диана Гурцкаямен бірге ән шырқаған.
Айта кетейік, кастингті «Жігіттер» квартеті өткізді.
«Bala Turkvizyon» байқауының кезекті іріктеуі 25 маусым күні Тараз қаласында ұйымдастырылмақ.