Оңтүстік Қазақстан облысында 225 нысанның құрылысы жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 225 нысанның құрылысы жүруде

21.06.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында 225 нысанның құрылысы жүруде

Құрылысы жүріп жатқан 225 нысанның 160 биыл пайдалануға берілмек.

Нысандардың 101 — білім беру, 25 — денсаулық сақтау, 37 — тұрғын үй, 10 — спорт кешені, 13 — мәдениет ошағы, 16 мемлекеттік мекеме мен т.б ғимарат.

«Инвесторлар есебінен жекеменшік сауда орталықтары мен медициналық мекемелер пайдалануға тапсырылып, бүгінгі таңда қонақтарды қабылдау үйі, зәулім мешіт пен жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы салынуда» – деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы К.Орашов.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 9 дәрігерлік амбулатория мен «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 7 аурухана салынып, биыл пайдалануға берілмек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу