Деректі видеолар байқауына өтініштер қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деректі видеолар байқауына өтініштер қабылданады

21.06.2015
Деректі видеолар байқауына өтініштер қабылданады

Байқауға веб-сайттарға арналған деректі фильм авторлары шақырылып отыр.  Конкурс халықаралық «Visa pour lImage Perpignan» фотожурналистика фестивалінің аясында ұйымдастырылмақ.

Марапат интернет кеңістігінде жарияланған ең үздік журналистикалық жобаларға беріледі.

Жұмыстарды таңдау критерийі: тақырыптың таңдалуы, журналистикалық қадам, мультимедиялық қадам, жұмыстың сапасы және интерактивтілік.

Байқауға 2014 жылдың 27 шілдесі мен 2015 жылдың 27 шілдесі аралығында интернетте жарияланған ағылшын және француз тілдеріндегі деректі фильмдер қатыстырылады.

Бірінші орынның жүлде қоры – 8000 еуро.

Өтініштер 27 шілдеге дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу