Халықаралық «Шынайы көзқарас» фотобайқауына ұсыныстар қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Шынайы көзқарас» фотобайқауына ұсыныстар қабылданады

20.06.2015
Халықаралық «Шынайы көзқарас» фотобайқауына ұсыныстар қабылданады

Байқауға қатысушылар «Адам, қоғам және мемлекет арасындағы қарым-қатынас мәселелері» тақырыбында туындыларын жібере алады.

Үміткерлер «Мәселе», «Қақтығыс», «Келісім» аталымдары бойынша бақ сынайды.

Байқау шарты бойынша, фотосуреттер топтамасы соңғы 4 жыл ішіндегі оқиғаны қамтып,  5 суреттен кем болмауы және 11 суреттен аспауы тиіс. Ал, топтама атауы мен қолтаңбасы ағылшын тілінде көрсетілуі керек.

Өтінімдер 31 маусымға дейін қабылданады.

Жеңімпаздардың шығармалары арнайы көрмеге қойылмақ, деп хабарлайды ijnet.org.

Хабарламаларға жазылу