«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасы басталғалы бері бірнеше топ сайысқа түсті. Жарысқа қатысушылар тек білімді ғана емес, сонымен қатар, тапқыр да талантты жандар екенін дәлелдеп берді.
Айта кетейік, хабарға еліміздің әр аймағынан 30 әулет қатысты. Барлық топ арасында 15 іріктеу ойыны өтіп, жеңімпаз 15 топ екінші айналымға жолдама алды.
Ал, жеңілген 15 топтың ішінен ұпай саны ең жоғары топ іріктеліп алынады. Сонымен, екінші айналымда 16 топ сегіз ойын өткізеді.
Жеңімпаз 8 топқа ширек финалға жолдама беріледі. Бұл айналымда жеңіске жеткен 4 топ жартылай финалда сайысады.
Жартылай финалдың нәтижесі бойынша жеңімпаз екі топ ақтық сынға өтеді. Финалда жеңіске жеткен отбасы бас жүлдеге ие болады.